Қырғыз түрмесінен қашқан тағы бір содырдың көзі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз түрмесінен қашқан тағы бір содырдың көзі жойылды

Қырғыз түрмесінен қашқан тағы бір содырдың көзі жойылды

Аса қауіпті қылмыскер Бішкек маңындағы Арал ауылында жасырынған екен.

  • 21 Қазан 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

8 күн бұрын түрмеден қашып, бүгін мерт болған қылмыскердің аты-жөні – Азамат Мүсірәлиев. 28 жастағы жігіт Қырғызстандағы «Жайшул Махди» экстремистік ұйымының белді мүшесі болғаны үшін сотталған. Қазанның 12 күні түрмеден 9 қылмыскер қашып, түзету мекемесінің 3 қызметкерін өлтірген болатын. Сол түні олардың бесеуі қолға түсті. Араға бес күн салып қалған төртеуінің бірі – Данияр Қадырәлиев құрықтау операциясы барысында көз жұмды. Қазір Алтынбек Итибаев пен Еділ Әбдірахмановты іздестіру шаралары жалғасуда. Болжам бойынша, олар Бішкек маңы мен Шу облысында жасырынуы мүмкін.