Қырғызстан қазақстандықтарды Ыстықкөлге демалысқа шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан қазақстандықтарды Ыстықкөлге демалысқа шақырады

Қырғызстан қазақстандықтарды Ыстықкөлге демалысқа шақырады

Қырғызстан биыл Ыстықкөлге туристер ағыны артады деп күтуде.

  • 9 Маусым 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Былтыр Ыстықкөл курортты аймақта бір миллионға жуық адам демалды. Биыл туристер ағыны 30-40%-ға артады деген болжам бар», — деп Қырғызстанның Қазақстандағы елшісі Эсенғұл Өмірәлиев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Оның мәліметі бойынша, Ыстықкөлде әдетте қазақстандықтар демалады, олардың саны осы елге келетін туристердің жалпы санының шамамен 20-25%-ын құрайды. Алыс шетелдерден келетіндер – шамамен 15%. Туристердің негізгі бөлігі жергілікті демалушылар», — дейді дипломат.

Ыстық көлде жазғы маусым ашылғанына айта отырып, елші қазақстандықтарды пансионаттарда демалып қайтуға шақырды.