Жарияланды: 390

Қырғызстанда әскерилер арасындағы атыс салдарынан бір адам қаза тапты

Қырғызстанда әскерилер арасындағы атыс салдарынан бір адам қаза тапты

Дүйсенбіде, Қырғызстанда Ұлттық гвардия әскери қызметшілері арасында орын алған жанжал салдарынан бір сарбаз қаза тауып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости  ведомство өкіліне сілтеме жасап.

«Шамамен жергілікті уақыт 4.00 шамасында Ұлттық гвардияның №714 әскери бөлімінде қарауылға шабуылдау кезінде келісімшарт қызметінің екі әскери қызметшісі ауыр жарақат алды. Шабуылдаушылардың бірі ауруханаға бара жатқан жолда қаза тауып, екіншісі жансақтау бөлімшесінде жатыр, оған ота жасалды», - деп атап өтті ведомствода.

Қарауыл мен әскери қызметшінің арасында жанжал туындап, қарауыл кездейсоқ оқ атқаны хабарланады. Шабуылдаушылар осы бөлімде мерзімінен тыс қызметтен өтіп жатқан. Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталуда, оқиға орнында әскери прокуратура өкілдері жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін