Қырғызстанда дербес несиелік рейтинг алу жобасы бойынша жұмыс комиссиясы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда дербес несиелік рейтинг алу жобасы бойынша жұмыс комиссиясы құрылды

Қырғызстанда дербес несиелік рейтинг алу жобасы бойынша жұмыс комиссиясы құрылды

Бішкек. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда дербес несиелік рейтинг алу жобасы бойынша жұмыс комиссиясы құрылды. Бұл туралы осы ел президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Топты құрудағы мақсат — елдің инвестициядық тартымдылығын одан әрі жақсарту және жеке меншік сектордың халықаралық қаржы нарықтарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету «, — деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жұмыс комиссиясын Қырғызстан президенті әкімшілігінің экономикалық және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі Азамат Дикамбаев басқарады. Сондай-ақ, комиссия мүшелігіне қаржы министрлігі, экономикалық даму және сауда, өнеркәсіп, әділет, СІМ, Қырғызстан Ұлттық банкі, Қырғызстан банктерінің одағы және басқа да министрліктер мен мекемелердің өкілдері кіреді.

Еске сала кетейік, дербес несиелік рейтинг ел үкіметінің шетелдік және ұлттық валютадағы несиелік міндеттемелерді қайтара алуға дайындығы мен мүмкіндігіне берілген баға. Дербес несиелік рейтинг халықаралық бағалы қағаздар нарығында мейлінше белсенді жұмыс істеуге, банктердің несиелік ресурстарын арттыруға, сондай-ақ, коммерциялық банктердің корпоративтік рейтингтерін көтеруге, экспорттаушы кәсіпорындарға өз рейтингтерін беруге мүмкіндік тудырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті