Қырғызстанда іздеуде жүрген террористердің бірі «Дордой» базарындағы арнайы операцияда өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда іздеуде жүрген террористердің бірі «Дордой» базарындағы арнайы операцияда өлтірілді

Қырғызстанда іздеуде жүрген террористердің бірі «Дордой» базарындағы арнайы операцияда өлтірілді

Дүйсенбіге қараған түні Қырғызстандағы түрмеден қашып кеткен экстремистердің бірі «Дордой» базарында арнайы операция кезінде өлтірілді.

  • 16 Қазан 2015
  • 627
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы жергілікті құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзі хабарлады.
Милиция мәліметінше, қашқын қылмыскерлер «Дордойда» жасырынып жатыр деген ақпардан кейін Орталық Азиядағы ірі киім-кешек базары бейсенбі күні кеште қоршауға алынған болатын.
«Операция барысында Қадырәлиев деген тұтқын өлтірілді», — дейді дереккөз.
Тәртіп сақшылары базар аумағында қалған үш экстремисті іздестіріп жатыр.
Қазанның 12-сіне қараған түні «Жайшуль Махди» экстремистік тобының мүшелері мен жақтастары Шу облысы Төменгі Нооруз ауылындағы №50 колониядан қашып кеткен болатын. Тоғыз тұтқыннан тұратын топ үш күзетшіні өлтіріп, біреуін жарақаттаған. Олардың бесеуі қолға түсті.
Бостандықта жүрген төртеудің үшеуі өмір бойы бас бостандығынан айырылған, біреуінің үстінен тергеу амалдары жүріп жатқан болатын. Олардың бәрі де діни экстремизм және терроризм бабы бойынша істі болғандар.