Қырғызстанда парламент сайлауының соңғы қорытындылары жарияланды
![]() |
Қырғызстан Республикасы сайлау және референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссиясы ағымдағы жылдың 4 қазанында өткен |
елдің жоғарғы заң шығарушы органы Жогорку Кенештің VI шақырылымы парламенттік сайлауының соңғы қорытындыларын жариялады.
Бұл қорытындыларды бүгін ОСК отырысында комиссия төрағасы Туйгунаалы Әбдірайымов жариялаған.
Дауыс беру қорытындылары бойынша, бірінші орынды 432 804 дауыс, 27,56 пайыз жинаған Қырғызстан Социал-демократиялық партиясы алды. ҚСДП 38 депутаттық мандат алып отыр.
Екінші орында - «Республика - Ата Жұрт» (318 266 дауыс, 20,26 пайыз, 28 мандат).
Үшінші орынды «Қырғызстан» партиясы алды - 205 268 дауыс, 13,07 пайыз, 18 мандат.
Төртінші және бесінші орындарда сәйкесінше «Онугуу-Прогресс» - 147 515 дауыс, 9,39 пайыз; 13 мандат және «Бир Бол» - 134 909 дауыс, 8,59 пайыз, 12 мандат.
Соңғы орынды «Ата Мекен» партиясы алды. Ол 122 500, яғни 7,8 пайыз дауыс жинап, 11 мандат алды.
Бүгін қорытынды сессия отырысының аясында бесінші шақырылымдағы Жогорку Кенеш жұмысының жабылу рәсімі өткенін атап өту керек.
Қырғызстан Президенті аппаратының басшысы Фарид Ниязовтың Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың атынан оқыған үндеуінде маңызды шешімдер мен тағдыршешті заң жобаларын қабылдаған бесінші шақырылымдағы Жогорку Кенештің тарихи миссиясы ерекше атап өтілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін