Қырғызстанда тағы жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда тағы жер сілкінісі болды

Қырғызстанда тағы жер сілкінісі болды

Бішкек. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін 00 сағат 04 минутта Қырғызстанның Нарын облысы Джумгаль ауданында сілкініс ошағында қуаты 3 балл болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының директоры Канатбек Абдрахматов хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2008
  • 445
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, сілкініс ошағы Кара-Капты шатқалының баурайында, Кызарт ауылдық басқармасынан солтүстік- шығысқа қарай 20 шақырым жерде тіркелген.

Қырғызстан ТЖМ-нің алдын-ала ақпаратына сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұдан ертеректе Ош қаласында 5,5 — 6 балл аралығындағы жер сілкіністері сериясы болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті