«Президент жарлықтарына сәйкес, бірінші вице-премьер-министр болып Искендербек Айдаралиев, вице-премьер-министр болып Нур уулу Досбол, үкімет аппаратының жетекшісі болып Мурат Исмаилов тағайындалды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Көлік және коммуникациялар министрі болып Нурлан Сулайманов тағайындалды. Үкіметке жаңадан келгендердің арасында Арстанбек Ногоев бар, ол бұрын Бішкек мэрі болса, ендігі жерде ауылшаруашылығы, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігін басқаратын болады. Сондай-ақ, Марат Мамбетов денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Ал өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрі болып Сапарбек Балкибеков, қаржы министрі болып Тажикан Калимбетова тағайындалды.
Бұрынғы қаржы министрі Акылбек Жапаров сауда және экономикалық даму министрлігігін басқаратын болады.
Қырғызстандағы жаңа министрлер кабинеті 21 желтоқсанда жасақтала бастаған. Парламент сайлауында басым дауысқа ие болған «Ақ Жол» билік партиясы президенттің бекітуіне энергетика және отын ресурстары минситрінің міндетін атқарушы Игорь Чудиновтың кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды, президент И. Чудиновтың кандидатурасын бекітті. Жаңа үкімет басшысы өзінің берген бірінші сұхбатында үкіметтің құрылымы мен құрамын айтарлықтай өзгертпейтінін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті