Жарияланды: 550

Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар зақымданды

Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар зақымданды

Ош, Нарын облыстарында кеше орын алған жер сілкінісі салдарынан  үйлер мен әлеуметтік нысандар зақымданды,  деп хабарлады КирТАГ.

Чон-Алай ауылдық округінде үш балабақша, екі мектептің қабырғалары жарылды. Қара-Мық ауылында аурухана ғимараты мен Шибэ ауылының мектебінде  жарықтар пайда болды. Қара-Қабақ ауылындағы мектепте,   Қашқа-Суу  ауылдық басқармасы ғимаратында  жарықтар байқалады.

Нарын облысы Ыраакы Мин-Куш ауылында 32 тұрғын үй тексерілді. Алдын ала деректерге сәйкес, 13 үйге 1 дәрежелі зақым келгені белгілі болды. Комиссия үйлер мен әлеуметтік нысандарды тексеруді  жалғастыруда.   

Еске салсақ, 7 желтоқсанда Қырғызстанда 12 балл шкаласы бойынша 8 балл  жер сілкінісі тіркелді. Кіндігі Тәжікстан аумағында орналасқан. 6,5 балл жер сілкінісі 14:30-да тіркелді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін