Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 6 балл жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 6 балл жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 6 балл жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ - төтенше жағдайлар министрлігі

БІШКЕК. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысында қуаты 6 балл жер сілкінісі болды; құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

  • 16 Сәуiр 2007
  • 654
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мекеменің хабарлауынша, жер асты дүмпулері 15-сәуірде 19 сағат 59 минутта тіркелген. Сілкініс ошағы Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Оштан оңтүстіке қарай 130 шақырым жерде, Бішкектен оңтүстік-батысқа қарай 420 шақырымда Іле Алатауының бөктерінде болған.

Сары-Таш, Кара-Кабак, Дараут-Курган, Иркештам ауылдарында 3 — 4 балл, Гульча, Суфи-Курган ауылдарында — 3 балл, Ошта — 2 — 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті