Жарияланды: 410

Қыркүйекте Қазақстанның халықаралық резервтері 96,1 млрд. АҚШ долларын құрады

Қыркүйекте Қазақстанның халықаралық резервтері 96,1 млрд. АҚШ долларын құрады

2015 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 96,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 

ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 27,4 млрд. АҚШ долларын құрады.
2015 жылғы қыркүйекте тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (67,9 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 96,1 млрд. АҚШ долларын құрады. 
2015 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша ақша базасы 7,8%-ға кеңейіп, 4644,3 млрд. теңге болды (жылдың басынан бері 36,1%-ға кеңею). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4535,9 млрд. теңгеге дейін 8,7%-ға кеңейді. 
2015 жылғы тамызда ақша массасы 14391,7 млрд. теңгеге дейін 11,2%-ға (жыл басынан бері 12,3%-ға ұлғаю), айналыстағы қолма ақша - 1186,2 млрд. теңгеге дейін 4,5%-ға (жыл басынан бері 5,7%-ға ұлғаю), банк жүйесіндегі депозиттер - 13205,5 млрд. теңгеге дейін 11,9%-ға (жыл басынан 12,9%-ға ұлғаю) ұлғайды. 
Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі депозиттер көлемі қарқынының 2015 жылғы қаңтар-тамызда тіркелген айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда үдемелі өсуі салдарынан 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы тамызда 91,8%-ға дейін өсті. 
Ақша мультипликаторы ақша массасының өсуі қарқынымен салыстырғанда ақша базасының кеңеюінің үдемелі қарқыны салдарынан 3,34-ті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін