"Қырық үйден тыйым көрмей қазақтың, Қыз Жібегі Төлегенге сөз айтты-ау". "Қалаулым" қасіреті немесе пиар патшалығы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қырық үйден тыйым көрмей қазақтың, Қыз Жібегі Төлегенге сөз айтты-ау". "Қалаулым" қасіреті немесе пиар патшалығы

"Қырық үйден тыйым көрмей қазақтың, Қыз Жібегі Төлегенге сөз айтты-ау". "Қалаулым" қасіреті немесе пиар патшалығы

"Қалаулым" қасіреті немесе пиар патшалығы.

  • 29 Наурыз 2018
  • 94
Фото - Caravan.kz

Тағайбек Тұрысбек атты желі қолданушысы инстаграм парақшасында төмендегідей өлең жолдарын арнады. 

Қалқасында қалып коймай мазақтың,
Мақсатымыз ар ұятты азайтпау.
Қырық үйден тыйым көрмей қазақтың,
Қыз Жібегі Төлегенге сөз айтты- ау.

Бірі ойсыз, бір қызба ұшқалақ,
Қарау сірә, мүмкін емес шошымай.
Біздің қазақ бет жыртысып үш сағат,
Қалаулысын іздеп пе еді осылай.

Тек танылу шіркіндердің уайымы,
Елемейді артса дағы кім кінә?
Құндылықты құрбан еткен тәйірі,
Мынадай шоу қажет пе еді ұлтыма.

Тәрбие мен тәлім болмай өзекте,
Құрдымына құлар пенде қорланып.
Қара бастың қамын күйттер бозөкпе,
Нар Алаштың мұңын кайтсін толғанып.

Жолы көп қой ұлт азыгын тонаудың,
Ал тоналса басшылардың кінәсі-ау.
Біреулердің саясаты Қалаулым,
Біреулердің құрбандығы мына шоу.

Өзі індет болып келген өзі дау,
Кетсе екен сор- Қалаулым төрімнен.
Көнбіс қазақ көндіксе де қажыды-ау,
Экраннан ессіздікті көруден.

Жанымызды жақсылықпен жылытпай,
Жүйкемізге тие берер мұңды ызғар.
Ұлы дала заңын сірә, ұмытпай,
Ұлтты ойлайтын азаймасын ұл-қыздар.

Оқи отырыңыз:

Алматылық жастар “Қалаулым қалсын” деген ұранмен видеоүндеу жолдады

"Қалаулым" біздің менталитетімізге сай келеді — Бағым Мұхитденова

“Қалаулымға” қарсы отандық жұлдыздар желіде флешмоб бастады.

 

 

Соңғы жаңалықтар