Жарияланды: 280

Қыс алдында әлеуметтік нысандар жылусыз қалуы мүмкін!

Қызылорда, Тараз және Шымкент жылу маусымына дайындала алмай қалуы мүмкін. Себебі, Қарағандыдағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан құбыр қаптайтын зауыт өнімдері осы қалаларға жіберілмей жатыр. Өйткені Кеден Одағы аясындағы халықаралық ережеге сәйкес, қапталған құбырлар толыққанды өнімге жатпайтын болып шыққан. Сондықтан үш қаладан келген жүк көліктерін кеденшілер қаңтарып қойды.  Өнімді сатқан зауыт пен оны сатып алған

мердігерлер енді не істерлерін білмей дал болып жүр.

Менің артымдағы құбырларды Шымкент, Тараз және Қызылорда қалалары күтіп отыр. Жаңа ережелерге сәйкес мұны зауыт шығарып бере алмайды, мердігер алып кете алмайды. Сондықтан жіпсіз байланған жүргізушілер бір апта бойы көліктерінде күнелтуге мәжбүр.

Тапсырыс берілген құбырларды алып кете алмай жүрген мердігерлер зар жылайды. Үш қалада құбыр айырбастау үшін жолдар қазылып қойса да, Қарағандыдан материалдар жетер емес.

Алмас Қалдыбаев, мердігер компанияның өкілі:

- Территориядан шығармай жатыр, қағаздар бар, деклорация дейді. Жылу құбырын ауыстырып жатырмыз. Қызылордадан үш мекеме алып жатыр бұяқтан. Үшеуінің де заты жіберілмей жатыр. Одан басқа Шымкент, Тараз қаласы бар, уже он күннен кейін жылу құбырларын қосуымыз керек. Ал біздің затымызды әлі жібермей жатыр.

Қарағандыдағы арнайы экономикалық аймақта жұмыс істейтін компания түрлі мөлшердегі құбырларды қаптаумен былтырдан бері айналысып келеді. Шойын құбыр ұзақ уақыт төзуі үшін де жер асты және жер үсті жағдайына ыңғайланып қапталады. Осы уақыт ішінде өнімдеріне сұраныс та артқан. Бұған дейін ың-шыңсыз-ақ құбыр өңдеп келген мекеменің жұмысына Кеден одағына қатысты қабылданған ережелер кедергі келтірді.

Олег Винокуров, зауыт директоры:

- Қағаз жүзінде бізге келетін құбыр мен біз өңдеген өнімнің коды бір. Сондықтан біз өңдеуші кәсіпорын емес, құбырды алып сатумен айналысып жатқандай боламыз. Бар мәселе де осында. Қабылданған ережелерге сәйкес, шойын құбыр мен қапталған құбырдың айырмасы жоқ боп қалып отыр.

Зауыт басшылығы мен мердігерлер халықаралық ережелерді қабылдағанда, жағдайды жіті зерттемегендерге өкпелері қаза қазандай. Себебі, осы аумақтағы тағы бір зауыттың өнімі дәл осы себептермен аттап баса алмай тұр.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін