Жарияланды: 220

Қытай 6G ұялы байланыс стандартын жасау басталғанын жариялады

Қытай 6G ұялы байланыс стандартын жасау басталғанын жариялады

Бұл туралы Индустрия және ақпарат министрі Мяо Вэй хабарлады.

Қытай ғалымдары алтыншы буынды байланыс стандартын дамытуға кірісті. Бұл туралы 13-ші шақыртылған Бүкілқытайлық жиынның бірінші сессиясында индустрия және ақпарат министрі Мяо Вэй айтты, деп хабарлайды Today.kz TACC-қа сілтеме жасай отырып. 

"Өткен жылдың аяғында қытайлық ғалымдар 6G байланысының жаңа стандарттарын әзірлеуді бастады. "Интернет заттарын" дамыту ұялы байланыс технологиясының мүмкіндіктерімен бірдей дамуы керек", – деді ол. 

Министрдің айтуынша, ұялы байланыс сапасының артуы адамдар арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, адам мен машина арасындағы ара қатынасты да жақсартады. 

"Бұл – адамзаттың болашағы. Ұялы байланыс саласында белсенді жұмыс жасаудың бір себебі – оған адамдардың сұраныстары", – деді министр.

Оқи отырыңыз:

Енді Дубайға бару үшін виза жасатудың қажеті жоқ

Данэлия Тулешова әйгілі ZAZ-бен бірге ән салады

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть