Қытай байлар саны бойынша АҚШ-ты басып озды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай байлар саны бойынша АҚШ-ты басып озды

Қытай байлар саны бойынша АҚШ-ты басып озды

Алғаш рет Қытай ең бай адамдардың саны бойынша АҚШ-ты басып озды.

  • 22 Қазан 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Credit Suisse дайындаған жыл сайынғы Global Wealth Report есебінде айтылған.

Осылайша, 99,9 миллион қытайлық жер бетіндегі ең бай адамдардың 10 пайызына кірді, ал АҚШ-та 98,8 миллион адам осы санатқа жатады. Сонымен бірге америкалықтар миллионерлердің жалпы саны бойынша Қытайды басып озды. АҚШ-та 18,6 миллион болса ал ҚХР-да — 4,4 миллион. Зерттеуде сонымен қатар, АҚШ пен Қытай, саудадағы келіспеушіліктерге қарамастан, өткен жылы сәйкесінше 3,8 трлн және 1,9 трлн долларлық байлық жинағаны айтылды.

Банк сарапшыларының мәліметтері бойынша әлемдегі миллионерлердің жалпы саны бір жылда 1,1 миллионға артып, 47 миллион адамға жетті. Олардың жалпы байлығы 158,3 триллион долларды құрайды — бұл бүкіл әлемдік байлықтың 44 пайызы.


Соңғы жаңалықтар