Қытай Кубаға тікелей ұшатын алғашқы әуе рейсін жөнелтті
![]() |
Қытай Кубаға ұшатын алғашқы коммерциялық рейсін іске қосты, деп жазды РИА Новости никарагуалық La Prensa порталына сілтеме жасап. |
Ұшақты жексенбі күні, 27 желтоқсанда қытайлық Air China компаниясы сапарға шығарды. Бейжіңнен шыққан Boeing 777 20 сағаттық ұшудан және канадалық Монреальда жанар-жағар май құюға аялдаған соң Гаванаға қонады.
Қазір қытайлық туристер үшін Латын Америкасындағы басты бағыт - Мексика мен Бразилия. ҚХР сондай-ақ Кубада люкс дәрежесіндегі демалыс орнын ұйымдастыруға ниет танытып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін