Жарияланды: 350

Қытай Обама сынға алған терроризмге қарсы заңды қабылдады

Қытай Обама сынға алған терроризмге қарсы заңды қабылдады

Қытай елі тарихында алғаш рет терроризм туралы заң қабылданды. Енді құжатқа сәйкес, мұндағы ғаламтор желісі толығымен үкімет бақылауында болады. Терроризмге қарсы заң бойынша елдегі ғаламтор желісін жеткізуші ұялы байланыс операторлары мен интернет-байланыс провайдерлері Қытай билігіне шифрлеу кодтары мен

парольдерді беруге міндетті. Сондай-ақ телекоммуникациялық компаниялар клиенттердің жеке басына қатысты деректері бар серверлер мен өзге құрал-жабдықты Қытай аумағына орналастыруы тиіс, деп хабарлайды ТАСС. Наурыз айында АҚШ президенті Барак Обама бұл заң жобасын қатаң сынға алған еді. Ақ үй иесінің айтуынша, мұндай заң шетелдік, оның ішінде америкалық компанияларды Қытайға құпия ақпаратты беруге мәжбүр етеді. Енді Қытай билігі барлық пайдаланушыларды аңдып, олар туралы жаппай құпия деректерге қол жеткізеді. Сол кезде «егер Қытай АҚШ-пен ынтымақтас болғысы келсе, бұл заңды қабылдамауы тиістігін» айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін