Қытай Қазақстанға тегін әскери техника береді
Бүгін тиісті келісімге қос елдің Қорғаныс министрлері қол қойды. Ал Астанаға келген мәртебелі мейманды Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. |
Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Чан Ваньцюан құр келмепті. Қазақстан қарулы күштерінің қауқарын көтеру үшін техника дәлірек айтқанда, трал сүйрейтін және жүкті түсіріп-тиейтін ауыр техникаларды ақысыз бермек. Елбасымен кездесуде әлемдегі ең қуатты армияның тізігін ұстап отырған министр қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттыруға келісті. Қос ел жақында лаңкестікке қарсы бірлескен оқу жаттығу өткізуге де уағдаласты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін