Қытай Жерді қашықтан зондтау спутнигін ұшырды
![]() |
Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясының Тайюань ғарыш айлағынан «Яогань-29» қашықтан зондтау спутнигімен зымыран-тасығыш ұшырылды. |
Бұл туралы Lenta.ru «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Long March-4C зымыраны бейсенбі күні сағат 5:24-те (астана уақытымен 03:24) ұшырылды. Бұл осы сериялы зымыран-тасығыштың 219-шы ұшырылуы.
Спутник Жердің бетін зерттеу, егін түсімін бағалау және табиғи апаттар салдарын жою эксперименттеріне пайаланылады.
«Яонгань» сериялы алғашқы спутник Қытайда 2006 жылы ұшырылған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін