Қытай жоғары дәлдіктегі «Гаофэнь-4» Жер шарын барлау жасанды серігін ұшырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай жоғары дәлдіктегі «Гаофэнь-4» Жер шарын барлау жасанды серігін ұшырды

Қытай жоғары дәлдіктегі «Гаофэнь-4» Жер шарын барлау жасанды серігін ұшырды

Қытай бүгін Жер бетін барлау жөніндегі ұлттық жоба аясында қышықтықтан басқарылатын жоғары дәлдіктегі «Гаофэнь-4» жасанды серігін ұшырды. Бұл туралы ақпаратты Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

  • 29 Желтоқсан 2015
  • 704
Фото - Caravan.kz


«Гаофэнь-4» бүгін сағат 00.04-де Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан «Чанчжэн-3B» зымыран тасығышының көмегімен жіберілді. Қытайдың Қорғаныс министрлігі жанындағы қорғаныс ғылымы, техникасы және өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік басқармасы таратқан хабарламада «бұл «Чанчжэн» сериясы бойынша шығарылған зымыран тасығыштардың 222-мәрте ұшуы» деп жазылған. 
— «Гаофэнь-4» — геосинхронды орбитада айналып, жоғары дәлдікпен оптикалық бақылау жасайтын Қытайдың алғашқы және геосинхронды орбитада жоғары дәлдікпен барлау жасайтын әлемнің ең дамытылған жасанды серігі, — деді Қытайдың қорғаныс ғылымы, техникасы және өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік басқармасы әрі Мемлекеттік ғарыш басқармасының басшысы Сюй Дачжэ.
«Гаофэнь-4» жасанды серігінің сәтті түрде ұшырылуы — Қытайдың биылғы жылы жүзеге асырған 19-ғарыштық жобасы. Жасанды серік жіберген мәліметтер апатты оқиғалардың алдын алып, көмек көрсетуге, геологиялық және орман апаттарын бақылауға, сондай-ақ метео болжамдау жасауға пайдаланылмақ.