Қытайда жүздеген оқушы оқу-жаттығу барысында түтіннен уланып қалды
![]() |
Қытай орта мектебінде өртке қарсы оқу-жаттығу кезінде 190-нан астам адам түтіннен уланды, |
9 бала ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлады ТАСС.
Төтенше оқиға 18 қыркүйекте Тяньшуй қаласында болды. Оқушылар авиа шабуылы және өрт кезіндегі іс-қимылды пысықтаған. Шынайы етіп көрсету үішн олар түтін бүріккіш пайдаланған. Жаттығу барысында көптеген оқушылар өздерін жайсыз сезіне бастаған. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді, оқушылардың біразы ауруханаға жатқызылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін