Қытайдан Қырғызстанға жеткізілетін жүктер Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан Қырғызстанға жеткізілетін жүктер Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын болады

Қытайдан Қырғызстанға жеткізілетін жүктер Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын болады

Бішкек. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қытайдан Қырғызстанға жеткізілетін жүктер Қазақстан арқылы теміржолмен тасымалданатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қырғыз Темир Жолы" ұлттық компаниясы" мемлекеттік кәсіпорынының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Қаңтар 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Қытайдың шекарасындағы «Достык» станциясы мен Қырғызстандағы «Аламедин» станциясының арасыда контейнер поездерінің жаңа теміржол бағыты ашылған.

«Бұрын Қытайдан жеткізілетін жүктер негізінен автокөліктермен тасымлданатын, енді жүктердің негізгі ағымы республика аумағына теміржол арқылы тасымалданатын болады. Мұндай жағдайда тасымалдау мерзімі мен оның бағасы үш есеге дейін арзандайды, бұл бірінші кезекте жүк тасымалдаушылар үшін пайдалы және де тасымалданатын тауардың өзіндік құнына да әсер етеді»,- деп хабарлады «Қырғыз Темир Жолы» ұлттық компаниясы» мемлекеттік кәсіпорынының баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті