Қытайдың ҚР-дағы бірінші Елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
![]() |
Қытайдың Қазақстандағы бірінші Елшісі, ҚХР Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) бұрынғы атқарушы хатшысы, Қытай халықаралық зерттеулер қорының құрметті төрағасы Чжан Дэгуан қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. |
«Қазақстандағы бірінші қытайлық Елші ретінде қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мен Қазақстан халқының Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өткен 24 жылдың ішінде барлық салаларда үлкен табыстарға қол жеткізгеніне қуаныштымын. Халық бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр, мемлекет халықаралық аренада үлкен беделге ие болды», - деді ол ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің атынан Тәуелсіздік күніне арналған дипломатиялық қабылдау кезінде ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Қытайлық дипломат қазақстандықтарға денсаулық, бақыт, бейбітшілік тіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін