Ендігі Заңғар Нұртастың жүрегі бос емес сияқты. Ол әлеуметтік желіде көпшілікті сүйіктісімен таныстырды. Желідегі жұрт Заңғардың бұл әрекетін "Тез ұмытып, жақсы көре салу оңай екен" деп сынға алуда, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.
Бірге түскен видеоларын парақшасына жүктеген ол "әлеміме қош келдің" деген жазба қалдырған.
Заңғар Нұртастың жүрегін жаулаған арудың есімі Индира. Шымкенттік бойжеткен сәнбикелікпен айналысып, түрлі жарнамаларға түсетін көрінеді.
Желі қолданушыларының бірі құттықтап жатса, бірі "Бір қызды жылатып, екіншісімен бақытты болу қиын", "Тез ұмытып жақсы көре салу оңай екен", "Жібекті қалай оңай ұмытып кеттің", "Еркектерге сенім жоқ", "Қыз ұнатып қалған Заңғарды" деген сынды пікірлер жазылуда.
Еске салайық, ол бұрынғы әйелімен 9 жыл жүріп шаңырақ көтерген болатын.