Қыздарын терезеден лақтырған алматылық әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздарын терезеден лақтырған алматылық әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Қыздарын терезеден лақтырған алматылық әйел психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Туған қыздарын терезеден лақтырып жіберген алматылық келіншек психиатриялық ауруханадан бір-ақ шықты. Балаларымен бірге өлімге бел буған ананың онда ақыл-есінің дұрыстығы тексерілмек.                

  • 13 Қазан 2015
  • 371
Фото - Caravan.kz

Егер «есі ауысқан» деген диагноз расталса, жантүршігерлік қадамға барған Жадыра жүйкесі тозған жандардың арасында біржолата қалады. Қос баласын 5-ші қабаттан асырған ана болған жайт туралы әлі де жақ ашпай отыр. Оқыс оқиға мына үйде болған. Көршілері мен төмендегі көкөніс саудагерлері қос қыздың ащы дауысын ғана естіп үлгеріпті. Қайта 1 жасар Әдиясы аман қалды. Ал 8 жасар Айша сол арада тіл тартпай кеткен. Қыздарының артынша секіріп кеткен келіншек те тірі қалды. Қазір оған «кісі өлтірді», «қастандық қылды» деген ауыр айыптар тағылған. Десе де, есінің ауысқандығы дәлелденсе, жас ана жазасын түрмеде емес, психдиспансерде өтейді.