Қыздың құны: Қазақстанда қалың мал бағасы қанша теңгеден басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздың құны: Қазақстанда қалың мал бағасы қанша теңгеден басталады

Қыздың құны: Қазақстанда қалың мал бағасы қанша теңгеден басталады

Қарындас, қалың малыңның құны қанша? Әлеуметтік желіде жүргізілген осындай сауалнама көпшілікті қызықтырып қана қоймай, соңы қып-қызыл дауға ұласқан тақырыпқа айналды.

  • 18 Мамыр 2018
  • 526
Фото - Caravan.kz

Орта есеппен елімізде қыздың құны 200 мың теңдеген басталады екен. Ең қымбаты миллионнан асып жығылады. Ал кейбір өңірдің аруларын қалың мал төлемей-ақ, шаңырағыңызға келін қылып түсіре аласыз. Той нарығындағы бағаның бағамы туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Иә, бүгінгі таңда кей өңірлердегі қалың малдың бағасын білген адам таңдай қағары анық. Бәсекеден бас алмайтын бұл жұрт басқасын былай қойып енді осындай жаңа ермек тапқандай.

Сонымен, ана сүті, әке күші деп басталатын сұраудың топ басында Шымкент шаһары тұр. Мұнда күйеу бала қалыңдық үшін 1 миллион теңгенің көлемінде қалың мал береді екен. Одан кейін Қызылорда мен Алматы облысы. Бұл өңірлерге құда түсіп барғанда қалтаңызда кемі – 400 мың болуы тиіс. Ал, қалың малдың бағасы төмен өңір Шығыс Қазақстан деп танылды. 200 мың теңге. Сондай-ақ, көк тиын шығын шығармай қыз алуға болатын жерлер де жоқ емес. Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар және Қарағандыда аталған дәстүр өз мәнін жоғалыпты.

5 келін түсіріп, 4 қызын ұзатқан астаналық Оразгүл Шынәлиева қалың мал беруде жарыс жасап, бәсекелесу дұрыс емес дейді.

«Ысырапшылдық. Өзіне лайықты ғана кәдесін жасап, өздері ғана келіссе болады, әрине. Ешкім ашу шығармайды. Әркім өз бергенін, өз ізетін алады. Байлар мен сеннен, ал мен сеннен қалмаймын дегендер де болады әрине. Ел болғаннан кейін көп қой» – дейді төрт қызын ұнатқан ана Оразгүл Шынәлиева.

«Бір қыз көрдім сүйетін дәл, Жалғыз өзі жүр бақта. Қосылуға ниетім бар, Қалың малы қымбат па? Доллар, рубль, теңге ме? Көп байлық жоқ менде де».

Қалың мал тақырыбы талқыланып қана қоймай, тіпті әнге арқау болғып жатқан жайы бар. Осы ретте аталған дәстүрге байланысты жігіттердің де пікірін біліп көрейік.

Жұрттың пікірі мынадай:


«Қазақ халқының дәстүрлерін жарамайды деп ешкім айтқан жоқ. Сол себептен беру керек деп ойлаймын».

«Ол жағын білмеймін енді. Салт дәстүрден артық? Баяғыдан келе жатыр ғой».

«Беру керек. Ата-ана тәрбиелеп өсірген қызға қалыңмал беру керек».

Қалың малды беруін бересің ғой. Бірақ, бұған да бақылау қажет. Тарихшы Жұмамұрат Шәмші осы идеяның маңызын түсіндірді. Уақыт өткен сайын дәстүр саудаға айналып кетуі бек мүмкін.

«Әр жерде әрқалай болып тұр. Түбегейлі біркелкі қылу үшін мемлекет араласу керек. Жоғарыдан тапсырма болуы керек. Жалпы қазіргі таңда алып қашу, қалыңмалға байланысты дүниетаным әртүрлі болып тұр. Сондықтан біркелкі қылу үшін билік араласып, шешім қабылдау керек деп ойлаймын» – дейді тарих ғылымдарының кандидаты Жұмамұрат Шәмші.

Қалың малдың бағасының өзгеріп сала беруі бір шетінен қыздың жасауына да байланысты. Мысалы, қыздың жасауына қосылатын сандықтың орташа бағасы 130 мың теңге. Үйде киер киімі мен оарамалдар жиынтығы 45 мыңның айналасында. Бұдан бөлек ыдыс аяқтар бар. Оны жасақтау үшін 120 мың теңге кетеді. Барлығын қосқанда орта есеппен 295 мың теңге. Қалтаңыздың қалыңдығына қарай бұл заттардың құны да өсе береді.

Оқи отырыңыз:

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты 
 

Соңғы жаңалықтар