Қызылорда облысында әйелін балағаттаған ер адам 10 тәулікке қамалды
![]() |
Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлімімен азамат У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. |
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы У. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жазаға тартылған адам бола тұра, 2015 жылдың 12қыркүйек күні, «орта» дәрежелі масаң күйінде, өз үйінде, әйелі П.-ның мазасын алып, балағат сөздер айтқан, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы У. өзінің кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірді.
Сот қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 2-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін