Жарияланды: 560

Қызылорда облысында облыс әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық әкімдік аппаратының жетекшісі тағайындалды

Қызылорда. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында облыс әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық әкімдік аппаратының жетекшісі тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың бұйрығымен облыс әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық әкімдік аппаратының жетекшісі тағайындалды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бейбіт Жүсіпов Астанаға жұмысқа ауысуына байланысты бұл қызметке 45 жастағы Мадияр Алдонғаров тағайындалды. Ол бұған дейін облыстық әкімдік аппаратының жетекшісі болған. Облыстық әкімдік аппаратының жетекшісі болып 48 жастағы Рзақұл Нұртаев тағайындалды. Жаңа тағайындауға байланысты ол облыстық көлік және автокөлік жолдары басқармасының бастығы қызметінен босатылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін