Қызылорда облысында прокурордың қадағалау актісі бойынша 1 млрд 140 млн теңгеден астам сомада шығын қайтарылған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында прокурордың қадағалау актісі бойынша 1 млрд 140 млн теңгеден астам сомада шығын қайтарылған

Қызылорда облысында прокурордың қадағалау актісі бойынша 1 млрд 140 млн теңгеден астам сомада шығын қайтарылған

Қызылорда. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында 2007 жылы прокурордың қадағалау актісі бойынша 1 млрд 140 млн 391 мың теңге көлемінде шығын қайтарылған. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыс прокуроры Әбдіқадір Кәрім мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Өткен жылы прокурордың қадағалау актісі бойынша 1 млрд 140 млн 391 мың теңге көлемінде шығын қайтарылған, оның 612 млн 226 мың теңгесі прокурорлардың шағым талабы бойынша. Мысалы, облыстық прокуратураның ұсынысымен, Бас прокурордың наразылығы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты шығарылған барлық сот қаулыларының күшін жойып, «Колжан» ЖШС басшысынан заңсыз мұнай өндіргені үшін мемлекет бюджетіне 91,5 млн теңге көлемінде айыппұл төлеткен»,- деді Ә. Кәрім.

Оның айтуынша, өткен жылы прокуратура органдары 708 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 11 мың 284 заң бұзушылықты әшкерлеген. «11 мың 721 азаматтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкін болған».

«Өткен жылы прокуратура органдары 931 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарып, 2549 заңсыз актілердің күшін жойған. Заңсыз «норма шығарғаны» үшін 78 лауазымды тұлғаны лауазымдық және тәртіптік жазаға тартқан. Барлық деңгейдегі әкімдердің 261 актісінің, осның ішінде 1 облыс әкімінің актісінің күші жойылып, қалыпқа келтірілген»,- деп атап көрсетті Ә. Кәрім.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдану және қадағалау күшейтіліп, 142 тексеру жүргізілген, нәтижесінде 289 заң бұзушылық анықталған.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласында жаппай заң бұзушылықтардың орын алғандығы анықталған. Прокурорлар 465 заң бұзушылықтың алдын алып, 209 адам тәртіптік жауапқа, 13 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Алты қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ облыс прокуроры, «кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңды қолдану саласында 42 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 67 заң бұзушылық анықталған. Прокурор актісі бойынша 40-қа жуық заң бұзушылар жауапқа тартылған. 45 кәсіпкердің құқықтары қорғалған».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті