Қызылорда-Тереңөзек тасжолының 35-шақырымында Фольксваген Венто және Лада Гранта көліктері соқтығысты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Апат кезінде екі көлікте барлығы 9 адам болған. Олардың бесеуі сол жерде қаза тауып, қалған төртеуі ауыр халде Сырдария ауданының орталық ауруханасына түсті. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.