Жарияланды: 570

Қызылорда облысының әкімі несие алып той жасайтындарды жазалауды ұсынды

Қызылорда облысының әкімі несие алып той жасайтындарды жазалауды ұсынды

Шағын кәсіпке арналған қаржыны тойға жұмсауға жол берілмейді. Қызылорда облысының әлеуметтік және даму көрсеткіштерін қорытындылаған Қырымбек Көшербаев осылай деп несиеге алынған қаржыны оңды-солды жұмсайтындарды сынға алды.

Себебі келер жылдан бастап шағын және орта бизнеске бөлінетін қаржы 3 есеге артпақ. Сонымен қатар облыста аймақтық-инвестициялық орталық құрылып, шағын және орта бизнеске аз көлемде несие бөлу мәселесі де қолға алынып отыр. Өңір басшысының айтуынша, екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлер палатасы бизнеске қаржы салу мәселесін жолға қойған.

“Несие алушыларға талапты күшейтсек. Уақытында несиесін өтемеген, уәдесінде тұрмаған борышкерлердің тізімін шығарып, несие бюросына жіберу қажет. Осы салада қара тізімге кірген кәсіпкерлердің жолын бөгеу керек. Себебі шағын несиенің мөлшері 3 миллион теңге. Ал осы қаржыны уақытында өтеген кәсіпкерлерге келесі жолы 5 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Меніңше, бұл әділетті болады”, – дейді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін