Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, мерт болды

Қызылордада 20 жастағы жігіт мұнай сақтайтын ыдысқа құлап, мерт болды

Қызылордада Кеңлік мұнай кен орнында 20 жастағы мұнай өндіру операторы мұнай сақтайтын ыдысқа түсіп кетіп, оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2022
  • 35
Фото - Caravan.kz

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жергілікті мұнай компаниясының өндірістік алаңында болған. Ал мерт болған адам сол компанияда мұнай өндіру операторы болып жұмыс істеген.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі ("Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге ​​жатпайды", — деп қосты полицейлер.

Соңғы жаңалықтар