Қызылордада электр қуатының бағасы көтерілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада электр қуатының бағасы көтерілмейді

Қызылордада электр қуатының бағасы көтерілмейді

Алматы. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада электр қуаты бағасының жоспарланған көтерілуі болмайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Шығысэнерготрейд" ЖШС сілтеме жасай отырып.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын «Шығысэнерготрейд» ЖШС 2008 жылдың 6-қаңтарынан бастап электр қуатының бағасы ҚҚС есептемегенде 7,19 теңгеге дейін өсіруді, осылайша электр қуатының бағасын және жол шығынын өтеуді жоспарлаған еді. «Шығысэнерготрейд» ЖШС шығындарының негізгі бөлігі (90%) электр қуатын сатып алу мен жеткізуге жұмсалады. Баға көтерілгенде компанияның жабдықтаушылық үстеме ақысы бұрынғы деңгейінде қала берер еді», — деді компания өкілдері.

Алайда, Қызыорда облысы әкімшілігінің ықпал етуімен және тікелей қолдауымен баға бұрынғы деңгейінде сақталады, деп көрсетілген хабарламада.

Компания сондай-ақ, қала тұрғындарына электр қуатын таратуды шектеудің бастамашылары емес екендіктерін жеткізді. Бұл шараны қуат тарататын ұйым — «КРЭК» АҚ қолданып отыр. Бұл электр тарату кезінде өздерінің техникалық шығындарын жаба алмау салдарынан туындап отырған шара.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті