Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр

Қызылордада із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр

Қызылордада 41 жастағы әйел бір күннен бері хабарсыз кеткен. 

  • 22 Ақпан 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Қызылорда қаласының тұрғыны, 41 жастағы азаматша Өтегенова Нұргүл Қарасайқызы 21 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан кейін үйіне қайта оралмаған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Қызылорда облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Осыған байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады. Азаматша жүйке ауруымен есепте тұрады. Ерекше белгілері: бойы: 1,65 см, орта денелі, шашы қара түсті, ұзын, көзі қара түсті. Қызыл түсті бас киімі бар, қоңыр түсті ұзын куртка, қара түсті аяқкиім киген.

Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 7 705 255 8125 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – делінген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы таратқан хабарламада.