Қызылордада күшті желден ғимараттардың шатыралары бүлініп, бір адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада күшті желден ғимараттардың шатыралары бүлініп, бір адам жараланды

Қызылордада күшті желден ғимараттардың шатыралары бүлініп, бір адам жараланды

АСТАНА. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Қызылордада күшті желден ғимараттардың шатыралары бүлініп, жарнама тақтайшалары мен телефон бағандары құлады; бір адам жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Мамыр 2007
  • 452
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, оңтүстік батыстан секундына 19 метрге дейін жететін күшті жел 16 сағат шамасында Қызылорда облысын аралап өтті.

Соның салдарынан Қызылорда аумағында екі көп қабатты тұрғын үйдің, «Темірбанк» пен №3 мектеп-гимназия ғимаратының шатырлары бүлініп, екі телефон бағаны құлады. Сонымен бірге, мекеме ақпаратына сәйкес, «көшедегі жарнама тақтайшасының құлауы салдарынан 37 жастағы жігіт жарақаттанып, ауруханаға түсті».

Желдің зардаптарын жоюға төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің 30 адамы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті