Болжам бойынша, қауіпті дертті науқас жабайы мысықтан жұқтырған сыңайлы.
Көз жұмған азаматша Қоғалыкөл елді мекенінің 40 жастағы тұрғыны боп шықты. Қауіпті кеселге ұшырамастан бір жарым ай бұрын ол иесіз жануарды асырап алған. Кейіннен есігінің алдынан мысықтың өлі денесі табылған. Ауруы асқынған азаматша бүгін ауруханада жан тапсырды.
«Күдік мысықтан келген деп отырмыз. Бірақ қорытынды диагноз паталоганатомдық сараптама дайын болғаннан кейін қойылады», — дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Балабекова.