30 шілдеде ер адам өзін өзі жағып жіберген. Оған себеп — сүйген қызын қарата алмаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Paryz.kz
Бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті растады.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деп жазылған хабарламада.
Ер адам ауруханаға жатқызылған. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.