Қызылордада ұлы өз әкесін пышақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада ұлы өз әкесін пышақтады

Қызылордада ұлы өз әкесін пышақтады

Сотталушыға төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

  • 18 Мамыр 2018
  • 40
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны өз әкесін пышақтады, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Қазалы аудандық соты баспасөз қызметінің өкілі Ақылбек Қазыбековтің айтуынша, қылмыс биыл 11 ақпанда сағат 21:00 шамасында болған.

«Әкесі, яғни жәбірленуші үйіне келгенде баласы оған «Сен неге іше бересің, арақты қашан қоясың?» деп кейіген. Ал әкесі болса ұлының жағасынан ұстап, балағаттап, кеудесінен итеріп жіберген. Баласы сол сәтте еденге құлайды. Сосын жанында тұрған шай ішетін үстел үстіндегі тұрмыста қолданылатын асхана пышағын алып, әкесінің сол жақ жауырынының астына тығып алады. Абырой болғанда, жәбірленуші аман қалды. Бұл денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген қылмыс болып саналады», — дейді А.Қазыбеков.

Қылмыстық істі қараған судья Дәурен Әбдіхалықовтың айтуынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен айыпталған күдікті кінәсін толық мойындады. Ол Қылмыстық-процестік кодексінің 615, 616-баптарына сәйкес, Қазалы ауданының прокурорымен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасаған.

«Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — дейді Дәурен Әбдіхалықов.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты 
 

 

 

Соңғы жаңалықтар