Қызылордалық дәрігерлер жерленгендердің неден қайтыс болғанын тексереді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық дәрігерлер жерленгендердің неден қайтыс болғанын тексереді

Қызылордалық дәрігерлер жерленгендердің неден қайтыс болғанын тексереді

Қызылорда қаласының кеңеюіне бес жерде орын тепкен мазарлар кедергі келтіруде. Бұл туралы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров журналистермен кездесуі кезінде мәлім етті.

  • 21 Шiлде 2014
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Ескі мазарлар басқа жаққа ауыстырылмай, Сырдарияның сол жағалауында жаңа шағынауданның құрылысы басталмайды. Бұл бейіттер соңғы рет 1977 жылы жаңаланған. Сондықтан марқұмдардың туыстарын табу қиынға соғып тұр. Сонда да біз анық-қанығын зерттеп жатырмыз. Қажет болса, керекті рәсімдерді жасауға дайынбыз», — дейді С.Тойбазаров.

Билік басындағылар діни рәсімді қалай өткізуге болатындығын молдалардан сұрап білген. Ал санитарлық дәрігерлер жерленгендердің неден қайтыс болғандарын тексереді. Себебі, жаңа құрылыс індет ошағына айналмауы тиіс.