Қызылордалық ер азамат полицейлердің көзінше қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық ер азамат полицейлердің көзінше қаза тапты

Қызылордалық ер азамат полицейлердің көзінше қаза тапты

Бұл іске облыстық прокуратура да кірісті. Прокурорлар нақты өлімнің себебін анықтау мақсатында сараптама тағайындады. 

 ҒАБИТ ҰЗАҚБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

  • 12 Шiлде 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz


"Мәйіт сот-медициналық сараптама жүргізу үшін мәйітханаға жөнелтілді. Бүгінгі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 362-бабының 4 бөлігіне сәйкес, Полиция департаментінің өзіндің қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары облыс прокурорының тікелей бақылауында"

Алайда, марқұмның туыстары Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеу амалдарын дұрыс жүргізіледі дегенге күмәнмен қарайды. Себебі, сол түні көпқабатты аулада тұрған бейнекамераны полицейлер "жөндеуге жібереміз" деген уәжбен шешіп алыпты. Бауыржанның бауырлары погон таққандардың бұл әрекеті айғақтарды жасыру мақсатында жасалуы мүмкін деп топшылайды. 
"Полицейлер өлгенше сабады". Қызылорда облысында полицейлердің ұстау операциясы кезінде қаза тапқан марқұмның туыстары осындай мәлімдеме жасады.  Тәртіп сақшылары "ішімдік ішті" деген күдікпен көлік тізгініндегі Бауыржан Әжібаевты үйіне дейін қуып келіп, жеткен соң жерге жатқызып қолын қайырған. Осы мезетте 43 жастағы қызылордалық есінен танып, жедел-жәрдем көлігі жеткенше бақилық болған. Ал полицейлер болса мұндай уәжбен келіспейді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Түсіруге болмайды. Час назад моего соседа убили. Убили сотрудники полиции".

Дауға айналған видео осы. Куәгерлер түсірген әуесқой жазбадан көпқабатты үйдің ауласында ер адамның қимылсыз жатқаны көрініп тұр. Түнгі бірлер шамасында полиция сиренасын естіген тұрғындар не болғанын білмек болып сыртқа шығыпты. Сол сәтте көршілері Бауыржан Әжібаевты бірнеше полицейдің жерге жатқызып, үстіне шығып алғанын көрген.

   ҚАРЛЫҒАШ ЧУБРИЛОВИЧ, МАРҚҰМНЫҢ КӨРШІСІ: "Далаға шығып қарасам, көршімнің машинасының қасында оны жерге жатқызып, олар оның арқасына мініп алған, қолын қайырып вскрутили гаишник и патрульныйлар келген".

Оқиғаның жай-жапсарын сұраған жұртқа полиция қызметкерлері күдікті құжаттарын көрсетпегенін айтып қысқа қайырыпты. Содан кейін оған қайтадан күш көрсетулерін жалғастырған. 

ҚАРЛЫҒАШ ЧУБРИЛОВИЧ, МАРҚҰМНЫҢ КӨРШІСІ: "Айқайламасын деп оның бетін жерге қаратып, баса бастады сотрудниктер. Екінші адам бір жағынан келіп иығынан басып тұрды. Біреуі үсіне мініп тұрды. Үшіншісі аяғын басып тұрды".

Куәгерлердің сөзінше, осындан әректеттерден соң Бауыржан есінен талып қалаған. Оны ұйықтап жатыр деген полиция қызметкерлері жедел жәрдем шақыруға асықпаған. Тек арада 15-20 минут уақыт өткен соң ғана дәрігерлерге қоңырау шалыпты. 

"Судмедті алдырыңдаршы. Судмед, прокуратура всех вызывайте. Здесь вообще криминал ғой".

Ал оқиға орнына келген дәргерлер ер адамның өліп қалғанын тіркеген. Ал туыстары Бауыржан полицейлер ұрып-соққаннан кейін есінен танып, көз жұмды деп отыр. 

  ӘЛИ ОМАРБЕКОВ, МАРҚҰМНЫҢ АҒАСЫ: "Масқара тіптен, есіктің алдына келіп анасының алдында баласын анадай айуандықпен өлтіру деген…. Қабырғамыз қайысады, әрине. Енді бұл қандай тапсырма сонда? Онда осындай мемлекет адамдарына өзіміздің қазақ азаматтарына, Қазақстан азаматтарына осындай жәбір көрсетуге болады ма?". 

Алайда, Қызылорда облыстық полиция департаментіні бұл нұсқаны жоққа шығаруда. Құзырлы органның мәліметінше, Бауыржан Әжібаевты мас күйінде көлік жүргізіп келе жатыпты.  Ал тәртіп сақшылары оны тоқтатқан кезде қарсылық білдірген. Қызметтік көлікке мінгізіп, бөлімшеге алып келе жатқан уақытта ол аяқ астынан есін жоғалтқан көрінеді. 

"Сот-дәрігерлік сарапшының мәйітке сырттай қарау жүргізу барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Осы азаматтың қайтыс болу дерегі бойынша Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеп-тексеру амалдары жүргізуде. Аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайлары анықталуда".
 

Соңғы жаңалықтар