Қызылордалық каратэшілер Астанадан 6 медальмен оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық каратэшілер Астанадан 6 медальмен оралды

Қызылордалық каратэшілер Астанадан 6 медальмен оралды

Астана қаласында каратэ-додан өткен Қазақстан чемпионатынан жерлестеріміз 6 медальмен оралды.

  • 20 Мамыр 2014
  • 544
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.

12-13 жас аралығында сынға түскен Ақмарал Бекназар (+45 келі) мен 18-ден жоғары жастағылар арасында Салтанат Исмаилова (53 келі) алтыннан алқа тақты. Ал 47 келіден жоғары салмақта Диана Досқали (14-15 жас), 50 келіге дейінгі салмақта Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас) күміс жүлдені еншілесе, 10-11 жас аралығында Әсемгүл Ердәулет пен 16-17 жас аралығында Қуандық Мантай 3-ші орынды иеленді.

Айта кетейік, спортшыларды айтулы додаға Рүстем Әбжәмиев, Рүстем Қараев, Нұржан Ақпанбет дайындады.