Қызылордалық кикбоксшы Әлем кубогының иегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық кикбоксшы Әлем кубогының иегері атанды

Қызылордалық кикбоксшы Әлем кубогының иегері атанды

Ресейдің Анапа қаласында жастар, кадеттер, ересектер арасында кикбокcингтен Әлем кубогы аяқталды. Кикбоксингтің  фулл-контакт, лоу-кик, к-1, лайт-контакт бөлімдері бойынша өткен жарысқа 28 мемлекет қатысты. Аталмыш жарысқа Қызылорда облысынан 3 спортшы қатысып, үшеуі де жеңіспен оралды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

  • 2 Қазан 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz

Атап, айтсақ, 75 келі салмақ дәрежесінде лоу-кик бөлімінде сынға түскен Алтынбек Жүнісов (облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі) алтыннан алқа тағынды. Ол 3 кездесу өткізіп, финалда Қырғызстан спортшысын 3:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, кубоктан кейін  гала-финал ұйымдастырылып оған Қазақстаннан 5 спортшы қатысты. Оның ішінде Алтынбек лоу-кик бөлімінде жеңімпаз атанып, алтын төсбелгі және сертификатпен  марапатталды.

Әлем кубогының К-1 бөлімінде 54 келі салмақта Нұрсұлтан Сапаров  күміс жүлдеге ие болды. Ал 86 келі салмақта Ахмедияр Аманжолов   лоу-кик бөлімінде бақ сынап, шеберлігін шыңдап келді.


Алтынбек енді келесі жылы Бельгияда болатын Әлем чемпионатына дайындалады. Спортшыларды жарысқа Берік Ахметов дайындады.