Жарияланды: 450

Рейске кешігіп қалған британдық Стамбул әуежайында асылып қалды

Рейске кешігіп қалған британдық Стамбул әуежайында асылып қалды

Британияның азаматшасы Стамбул әуежайында асылып қалды. Бұған оның рейске кешігіп қалуы себеп болған, деп жазады Hurriyet Daily News.

Жаклин Энн Саттон (Jacqueline Anne Sutton) Түркия шаһарына 17 қазан күні Лондоннан келіп жеткен. Ол ұшақ ауыстырып, Эрбиляға  (Ирак, Күрдістан астанасы) аттануы тиіс болған. Алайда ол ұшаққа кешігіп қалған.

Әуежай қызметкерлері бұл үшін ешқандай өтемақы төленбейтінін хабарлаған. Саттон болса оның басқа билет сатып алуға ақшасы жоқ екенін айтқан. Кейін ол дәретханаға барып, аяқ киімінің бауына асылып қалған.

Марқұмның денесін ресейлік үш жолаушы тауып алған. Құқық қорғаушылар оқиға бойынша тергеуді бастап кетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін