«Бүгінгі уақытта ресейлік мамандар қара жәшіктің деректерін толық анықтады. Ал апаттың себеп- салдарының тергеу қорытындылары қаңтардың 28 белгілі болады «, — деп хабарлады М. Төлеубаев.
Оның сөздеріне қарағанда, арнайы комиссия Халықаралық авиация комитетімен бірлесе отырып апатты жағдайдың себептерін анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатып. Ал ресейлік мамамдар қара жәшіктің мағынасын ашу үшін, үшінші бейтарап жақ ретінде тергеу жұмыстарына тартылды.
Бұдан бұрын хабарлағанындай, неміс компаниясының жеке меншігіндегі ұшақ Ганновер — Алматы — Гонконг ұшақ рейсі ұшырылу кезінде бағыт алған беттен тайып, әуежайдың бетон дуалын тесіп өтіп жарылған. Ернеуде болған 4 адамның үшеуі жарақаттанып, біреу қаза болған.
Осы оқиғаға қатысты Оңтүстік -Шығыс көліктегі ішкі істер департаменті ҚР қылмыстық кодексі 295 бабының 2 бөлімі (жол жүру және ұшақ көлігі тәртібінің қауіпсіздік ережесін бұзу салдары, адам өлімне апарған ) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті