“Газпром” басшысы Алексей Миллер бүгін, 25 қарашада Украина өзінің жерасты қоймаларындағы газды ала бастағанын айтып, Киевтің Ресей газын сатып алудан бас тартуы “Еуропаға газ тасымалдауға қауіп төндіреді” деп мәлімдеді.
Екі ай бұрын Ресей мен Украина Еуропа Одағының араласуымен наурызға дейін газ тасымалдау туралы келісім жасасқан еді.
Киев пен Мәскеудің қарым-қатынасы Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алып, Донбастағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаннан кейін нашарлаған.