Жарияланды: 400

Ресейде ер адам өз отбасын пышақтап тастады

Ресейде ер адам өз отбасын пышақтап тастады

Ресейдің Түмен облысы Лесное ауылында 24 жастағы жігіт төрт адамды: ажырасқан әйелі, екі баласы және енесін өлтірді, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

-Қазіргі уақытта 4 адамды өлтірді деген күдікпен әйелдің бұрынғы күйеуі ұсталды, -деп хабарлады Түмен облысы бойынша тергеу комитеті басшысының аға көмекшісі Людмила Шешукова.

Қылмыскердің берген куәлігі бойынша, ол (есімі: Заур, 24 жаста) бір жыл бұрын ажырасқан әйеліне (Дарья) және балаларын көру үшін ата-енесінің үйіне барған. Бұрынғы әйел бір жарым ай бұрын ғана пошта қызметкері болып жұмысқа орналасқан. Заур әйеліне қайтадан қосылуды айтып, үйіне қайтуды сұрауға келген. Ол бұған дейін де ауылға бірнеше рет барып, балаларына сыйлық апарып тұрған.

Алайда, бұл жолғы кездесу отбасы үшін соңғы, қанды кездесу болды. Әйелімен сөзі жараспаған ол ашуға мініп, пышаққа жармасқан. Күдіктінің айтуынша, алдымен ол әйелін, кейін балаларын өлтірген. Осы уақытта үйге бұрынғы енесі кіріп келген. Күдікті қолына түскен ауыр затпен оның басынан ұрып өлтірген. Күдікті жасаған қылмысы үшін полициядан қашпай, болған жайды өзі айтып берген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін