Ресейде президенттің орынтағы үшін бес адам бақ сынасуға ниет білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейде президенттің орынтағы үшін бес адам бақ сынасуға ниет білдіруде

Ресейде президенттің орынтағы үшін бес адам бақ сынасуға ниет білдіруде

Мәскеу. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ресейде президенттің орынтағы үшін бес адам бақ сынасуға ниет білдіруде , деп хабарлайды агенттік РФ Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қаңтар 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

РФ Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, бүгін РФ президенттігінен үміткерлерді тіркеуге құжаттар қабылдауды аяқтаған ОСК Михаил Касьянов пен Андрей Богдановты қолдаушылардың қолдарын тексеруге кірісті.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрамында графологтар, құқық қорғау органдары мен төлқұжат қызметінің қызметкерлері бар жұмыс топтары 10 күннің ішінде қойылған қолдарды тексереді. Ал Дума сайлауында жеңіске жеткен партиялардан аты ұсынылған басқа үміткерлер үшін өздерін қолдаушы 2 млн адамның қолын жинау қажет емес.

Сөйтіп, Ресей президентінің орынтағы үшін ЛДПР лидері Владимир Жириновский, РФКП жетекшісі Геннадий Зюганов, «Единая Россия» үміткері, РФ бірінші вице-премьер Дмитрий Медведев, сондай-ақ, сайлауға өз беттерімен ат ұсынған Демократиялық партияның жетекшісі Андрей Богданов пен Ресейдің халықтық демократиялық одағының жетекшісі, экс-премьер Михаил Касьянов саяси додаға түседі.

Қазіргі жағдаймен екі үміткер — Геннадий Зюганов пен Владимир Жириновский ғана ресми түрде тіркелді, олар құжаттарын өткен жылдың желтоқсан айында өткеріп, Жаңа жылдың алдында тіркеу процедурасынан өтті.

РФ президенттігінен үміткерлердің сайлау бюллетеньдеріне енгізілетін түпкілікті тізімі 27 қаңтарға дейін мәлім болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті