Ресейдің бірінші президентінің дүниеден өтуіне байланысты елде 25-сәуір аза тұту күні болып жарияланды - қаулы - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің бірінші президентінің дүниеден өтуіне байланысты елде 25-сәуір аза тұту күні болып жарияланды - қаулы

Ресейдің бірінші президентінің дүниеден өтуіне байланысты елде 25-сәуір аза тұту күні болып жарияланды - қаулы

МОСКВА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Ресейдің бірінші президенті Борис Николаевич Ельциннің дүниеден өтуіне байланысты 25-сәуір аза тұту к

  • 24 Сәуiр 2007
  • 628
Фото - Caravan.kz


МОСКВА. 24 — сәуір. Kazakhstan Today. Ресейдің бірінші президенті Борис Николаевич Ельциннің дүниеден өтуіне байланысты 25-сәуір аза тұту күні болып жарияланды. Сәйкес қаулыға Владимир Путин қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресей мемлекеті басшысының баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин 2007 жылдың 23-сәуірінде кенеттен қайтыс болды.

Ресейдің бірінші президенті Москвада Новодевичье зиратында жерленеді.

Қаулыға сәйкес, аза тұту күні Ресейдің барлық аумағында мемлекеттік ту түсіріледі. Сонымен қатар, В. Путин мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға қаралы күні көңіл көтеретін іс-шаралар мен хабарларды болдырмауға ұсыныс жасады.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, Ресейде бірінші президентті жерлеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссия құрылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті