Ресейдің Камчаткасында жанартау атқылай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Камчаткасында жанартау атқылай бастады

Ресейдің Камчаткасында жанартау атқылай бастады

Еуразиядағы ең биік саналатын Ключевская жанартауы атқылай бастады.

  • 23 Маусым 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне Жанартаулардың атқылауын бақылайтын камчаткалық топтың (KVERT) жетекшісі, Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс бөлімінің Вулканология және сейсмология институтының ғылыми қызметкері Ольга Гирина хабарлаған, деп жазды Қазақпарат.

«Жанартаудың жай ғана жарқырауы емес, стромболиялық типтегі ең жоғары жарылғыш атқылау тіркелді. Әзірге мұндай атқылау ешкімге қауіпті емес: халық үшін де, авиация үшін де», — деді Ольга Гирина.

Ключевская — континенттегі ең белсенді жанартау, оның биіктігі — 4750 м. Жанартаудың соңғы рет атқылауы 2020 жылдың қазан айында болды. Ең жақын елді мекен — Усть-Камчатский ауданы, Ключи ауылы — жанартау баурайында, кратерден 30 км қашықтықта орналасқан.