Ресейдің Мемлекеттік думасы президенттің өкілеттілік мерзімін арттырады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Мемлекеттік думасы президенттің өкілеттілік мерзімін арттырады

Ресейдің Мемлекеттік думасы президенттің өкілеттілік мерзімін арттырады

Мәскеу. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей парламенті әлі жұмысқа кіріскен жоқ, дегенмен, 2-желтоқсанда өткен сайлауда жеңіске жеткен партияларда президенттің өкілеттілік мерзімін арттыру мәселесі талқылана бастады. Бұл туралы агенттікке "Единая Россия" партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Желтоқсан 2007
  • 567
Фото - Caravan.kz

Өздеріңізге мәлім, Ресей президенті Владимир Путин сайлау өте сала президенттік және парламенттік сайлаулардың бір-бірін «өкшелей келетініне» байланысты өкініш білдіре отырып, болашақта осынау екі шараның өткізілу мерзімін бір-бірінен алшақтату жөнінде нұсқау берген.

«Президенттің бұл кеңесі Конституцияға президенттік мерзімді ұзарту жөнінде бап енгізу арқылы өзгерту енгізілетіндігін меңзейді», -деп хабарлайды «Единая Россия» партиясының баспасөз қызметінен.

Ресейде президенттің өкілеттілік мерзімі 4 жыл екенін еске сала кетейік.

Агенттікпен сұхбаттасушының атап көрсеткеніндей, Ресейдегі парламент сайлауы кейінгі кездері президенттік сайлаудың өзіндік репетициясына айналғандай. Мәселен, 1995-1996 жылдары осындай жағдай болған. «Борис Ельцин мерзімінен бұрын отставкаға кеткен соң парламенттік және президенттік сайлаулардың арасындағы мерзім тіптен жақындай түсті. Сол себепті осынау тығырықтан шығудың жалғыз жолы — президенттік мерзімді 5 жылға дейін ұзарту», -деп санайды «Единая Россия» партиясындағылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті